«Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы»

«Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы»

26 қыркүйек күні Ғылыми кітапхана мен Әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының орыс тілі кафедрасымен бірлескен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Қазақстан халқы тілдері күні  мерекесі еліміздегі тіл саясатының жарқын көрінісі. Қазақстан Республикасы – барлық ұлттар мен ұлыстардың тілдерінің, дәстүрлерінің сақталуына барынша жағдай жасап отырған әлемдегі бірден-бір мемлекет. Кеш барысында университетіміздің орыс тілі кафедрасының оқытушысы Сәуле Болатқызы бастаған 1 курс студенттері тіл туралы өлеңдер оқып, туған жер, Отан жайлы әндер айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Кешті өткізуге атсалысып, белсенділік танытқан студенттерге естелік сыйлықтар беріледі.

26
27 қыркүйек 2019

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту