Wiley баспасы журналдарының тестілік жүйесі

Wiley баспасы журналдарының тестілік жүйесі

1 сәуірден бастап Satbayev University Wiley баспасы журналдарының тестілік жүйесінің ашылғанын хабарлаймыз.

John Wiley & Sons (қысқартып алғанда – Wiley) баспасы -
ғылымға, жоғары білімге және бизнеске арналған мазмұнды әлемдегі ең байырғы академиялық (ғылыми) басылымдардың бірі. Баспа барлық білім саласын қамтитын материалдарды жариялайды. Қазіргі уақытта компания 21000-нан астам ғылыми кітаптарға (жыл сайын 1000-ға жуық жаңа басылымдар шығарады), 1600 ғылыми журналды (оның ішінде көптеген танымал және беделді басылымдарды), сондай-ақ энциклопедиялар мен анықтамалықтарды, химия және медицина (Дәлелді медицина бойынша Кокран кітапханасын қоса алғанда) саласын қамтитын материалдарды да жариялау құқығына ие. Баспаның ғылыми контенті Wiley Online Library (www.onlinelibrary.wiley.com) платформасында жаряланған.

Баспада 450-ден астам Нобель сыйлығы лауреаттарының жұмыстары да басылған. Жыл сайын Wiley журналдары өздеріне бағытталған саладағы көп басылымдардың жоғары рейтингтік көрсеткіштері мен импакт-факторларын көрсетумен айналысады.

            Тестілік жүйе барысында біздің университетке Wiley баспасы журналдарының кең көлемдегі жиынтығына қол жеткізе аласыздар. Сондай-ақ 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі 20 жылдан астам тарихы бар мұрағаттық материалдарды таба аласыздар. Журналдың тақырыптық қамтылуы заманауи ғылымның барлық пәндерін қамтиды.

Wiley журналдарына қолжетімділік 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап үш ай уақытына беріледі. Wiley Online Library платформасын пайдалану университеттің желіге қосылған кез-келген компьютерлері арқылы қолжетімді. Пайдалану сілтемесі https://onlinelibrary.wiley.com/

349
1 сәуір 2019

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту