Wiley Online Library баспасынан вебинар

Wiley Online Library баспасынан вебинар

Құрметті Satbayev University оқытушылары, зерттеушілер, докторанттар мен магистранттар!

Сіздерді 2019 жылдың 11 сәуірі күні өтетін Wiley онлайн-кітапханасын (Wiley Online Library) мақалаларды жариялайтын журналдар мен ғылыми ақпаратты іздеу үшін пайдалану» атты вебинарға қатысуға шақырамыз.

Wiley – жоғары білімге, бизнеске арналған әлемдегі байырғы академиялық (ғылыми) басылымдардың ең бай қорларының бірі. Баспа білім саласына қатысты барлық материалдарды шығарады. Қазіргі уақытта компания 21000-нан астам ғылыми кітаптарға (жыл сайын 1000-ға жуық жаңа басылымдар шығаруға), 1600 ғылыми журналдарға (оның ішінде көптеген танымал және беделді басылымдарды), сондай-ақ химия және медицина саласындағы (Дәлелді медицинаның Кокрен кітапханасын қоса алғанда) энциклопедиялар мен анықтамалықтар қорына ие. Wiley Online Library баспасының ғылыми контентінің сілтемесі:  (www.onlinelibrary.wiley.com).  Вебинар барысында Wiley Online Library баспасының қолжетімді платформасы туралы айтылады. Қол жетімді деректер және олардың ықтимал қолданылуы сонымен қатар жүйеден іздеу мүмкіндіктері (іздеуге жол табу, сүзгілерді қолдану, нәтижелерді сақтау) туралы мәселелер талқыланады.       Вебинар тегін. Барлық қызығушылық танытқан кез-келген адам қатыса алады. Веб-көрсетілімге қосылу үшін нұсқаулық бойынша алдымен тіркелуден өтуді ұмытпаңыз.  Егер сіз бір мезгілде бірнеше сессияға тіркелгіңіз келсе, әр сеансқа арналған пішінді толтырасыз. Қатысуға мүдделі тұлғалар сертификат ала алады. Ол үшін семинарға қосылып, оны толық көлемде тыңдап қатысу қажет. Сертификатты алу туралы нұсқаулық шара барысында айтылатын болады. Сертификатты алу үшін міндетті түрде алдын-ала тіркелуден өту маңызды. Вебинар өтетін сеанстардың уақыты (барлық сеанстар бірдей, өзіңіз үшін ыңғайлы уақытта тіркеле аласыз):

 

Басталуы (Қазақстандық уақыт бойынша)

 

Сессия 1

12:00

Немесе сілтеме бойынша өтіңіз http://bit.ly/WOLtrainingApril2019

Сессия 2

14:00

Сессия 3

18:00

145
8 сәуір 2019

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту