Қор жинақтау
Ғылыми кітапхана қорын жинақтау – бұл ақпараттық ресурстарды университеттің білім беру және ғылыми бағыттарына сәйкес жаңарту және кеңейтуге бағытталған үздіксіз үдеріс. Ғылыми кітапханалық жинақтау бөлімі студенттер, оқытушылар және зерттеушілерді қазіргі заманғы және өзекті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін кітапхана қорын қалыптастыру, жаңарту және дамытуға жауап береді.
Әдебиет пен электрондық ресурстарды сатып алу кафедралардың сұрауы бойынша жыл бойы жүргізіледі. Әрбір кафедра университеттің білім беру бағдарламалары мен ғылыми бағыттарына сәйкес келетін қажетті кітап, оқулық, монография және басқа басылымдарды сатып алуға тапсырыс бере алады.
Сыйлар. Қорда жоқ немесе жалғыз дана бар жоғары оқу орнының профиліне сәйкес басылымдар ерекше ризашылықпен алынады. Оқу процесіне қажетті әдебиетті таңдау кезінде, сіздер баспалар мен жеткізушілердің прайстарын пайдаланылуларыңызға болады. Тапсырыстар жазбаша және онлайн түрде қабылданады.
Бөлімнің байланыстары:
ТКҒ 177-кабинет
Ішкі телефон 71-30 моб. 87470526097 Жанат Дәулетова
Электрондық почта: zh.dauletova@satbayev.university
Құжат формалары
Бөлім меңгерушісі (немесе құрылымдық бөлімше басшысы) толтырған және мақұлдаған өтінімдер кітапханаға Lotus Notes электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жіберіледі.
- Электрондық ресурстарға қол жеткізу (607-03 нысаны).
- Әдебиеттерді сатып алу (607-07-нысан).
- Мерзімді басылымдарға жазылу (607-08 нысаны).
Өтініш үлгілерін жүктеп алыңыз
Баспаның баға тізімдері
Баспаның прейскуранттарымен танысқаннан кейін сіз қажетті әдебиетке тапсырыс бере аласыз.