Ғылыми кітапхананың деректер қоры
Оnline түрде қолжетімді мәліметтер базасы
Satbayev University студенттері мен оқытушылары үшін деректер базаларына авторланған қолжетімділік университет аумағындағы кез келген компьютердің IP-мекенжайлары арқылы қамтамасыз етіледі.
Қолжетімділікке байланысты мәселелер туындаған жағдайда, Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-ресурстық орталығына (ГМК, 181-бөлме) хабарласыңыз.
Clarivate Analytics (Web of Science)
Web of Science Core Collection – Clarivate компаниясының жетекші халықаралық реферативтік деректер базасының негізгі коллекциясы. Жоғары рейтингті ғылыми журналдарды, конференция материалдарын және патенттерді қамтиды. Бұл коллекция сенімді дереккөздерге қолжетімділік беріп, дәйексөздерді талдауға, ғылыми трендтерді бақылауға және ғылыми ықпалды бағалауға мүмкіндік береді.
Elsevier
Elsevier – әлемдегі жетекші ғылыми баспа, Scopus, ScienceDirect және Reaxys деректер базаларына қолжетімділікті ұсынады. Инженерия, жаратылыстану және физика-математика ғылымдары, медицина, экономика және басқару салаларын қамтиды. Elsevier ресурстары оқу, ғылыми зерттеулер және жарияланымдарға дайындық үшін қолданылады.
Scopus
Scopus – Elsevier компаниясының әлемдегі ең ірі реферативтік және аналитикалық деректер базасы. 90 миллионнан астам жазбаны қамтиды: 25 000 рецензияланған журналдар, 7 000-нан астам баспа, конференциялар материалдары, кітаптар, патенттер және ғылыми есептер. Scopus ғылыми белсенділікті талдауға, дәйексөздерді бақылауға, журналдар мен авторлардың рейтингін анықтауға мүмкіндік береді.
ScienceDirect
ScienceDirect – Elsevier баспасының толықмәтінді деректер базасы, онда мыңдаған рецензияланған журналдар мен кітаптарға қолжетімділік ұсынылады. Жаратылыстану, техника, медицина және әлеуметтік ғылымдар бойынша заманауи ғылыми ақпарат іздеудің ірі ресурстарының бірі.
Reaxys
Reaxys – Elsevier компаниясының химиктер мен химия саласындағы зерттеушілерге арналған мамандандырылған деректер базасы. Химиялық қосылыстар, реакциялар, физикалық және спектралдық қасиеттер, патенттер мен ғылыми жарияланымдар туралы құрылымданған деректерді қамтиды. Заттарды синтездеу, жобалау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдалы.
IEEE Xplore
IEEE Xplore – цифрлық кітапхана, 5 миллионнан астам толықмәтінді құжаттарды қамтиды: IEEE және IET журналдары, конференциялар материалдары, стандарттар. Электротехника, электроника, телеком-муникациялар, робототехника, жасанды интеллект және компьютерлік ғылымдар салаларындағы өзекті зерттеулерді ұсынады.
Wiley
Wiley Online Library – әлемдегі ең ірі ғылыми платформалардың бірі. Жаратылыстану, техника, медицина, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар салалары бойынша рецензияланған журналдар, кітаптар және анықтамалық материалдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Академиялық зерттеулер мен оқытуды қолдайды.
Логин: satbayev1
Құпиясөз: Wiley12345
Сәтбаев Университетінде қол жетімді Wiley журналдарының тізімі
Wiley Online Library баспасына қашықтықтан кіру нұсқаулығы
JoVE
JoVE – әлемдегі алғашқы рецензияланатын ғылыми бейне-журнал, Scopus, Web of Science, SciFinder және PubMed деректер базаларында индекстелген. Биология, химия, физика, инженерия, клиникалық медицина және басқа да салалар бойынша бейнемақалаларды жариялайды. Гарвард, Стэнфорд және Массачусетс технологиялық институты сияқты жетекші университеттердің материалдарын қамтиды.
Қалай тіркелу керектігі туралы қадамдық нұсқаулық JoVe
IPR SMART
IPR SMART – электронды-кітапханалық жүйе, оқу және ғылыми ресурстарға цифрлық форматта қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 170 000-нан астам басылымды қамтиды: оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, курстар және бейнедәрістер. IPR SMART ыңғайлы іздеуді, жекелендірілген пайдаланушы кабинетiн, мобильді қосымшаны және тақырыптық жинақтар құру мүмкіндігін ұсынады.
Android құрылғысының пайдаланушылары үшін рұқсат
iOS құрылғысының пайдаланушылары үшін рұқсат
«Лань» баспасы
«Лань» баспасы – оқу, ғылыми және арнайы әдебиеттерге қолжеткізуді қамтамасыз ететін электронды кітапхана жүйесі. Ол техникалық, гуманитарлық, жаратылыстану және медициналық ғылымдар бойынша 50 000-нан астам басылымды қамтиды. Платформа ыңғайлы оқу интерфейсін, іздеу мүмкіндігін, аннотация жасауды және таңдаулыларды сақтауды ұсынады.
«Эпиграф» электронды базасы
«Эпиграф» электронды базасы – Қазақстанның жетекші авторлары әзірлеген және отандық «ЭВЕРО» баспасы шығарған 100% оқулықтар мен оқу құралдарын қамтитын заманауи электронды-кітапханалық жүйе. Платформа көпқырлы толықмәтінді іздеуді қамтамасыз етеді – сөз, сөз тіркесі немесе тұтас сөйлем бойынша. Барлық әдебиеттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Барлық оқулықтар https://elib.kz сайтында промокод арқылы тіркелгеннен кейін қолжетімді болады.
Тіркелуге арналған промокод: kaznitu21
Сайтқа тіркелуге арналған бейне нұсқаулық
РМЭБ
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының оқу және ғылыми әдебиеттеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін орталықтандырылған электрондық ресурс. Кітапханада қазақстандық университеттердің оқытушылары әзірлеген оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми мақалалар, диссертациялар, монографиялар, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдар ұсынылған.
Қазақстанның ашық университеті
Қазақстанның ашық университеті – қазақстандық жоғары оқу орындарының онлайн-курстарына, сондай-ақ «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемнің жетекші университеттерінің қазақ тіліне аударылған оқулықтарына тегін қолжетімділікті қамтамасыз ететін заманауи білім беру платформасы.
ҚазҰЭК
Қазақстан ұлттық электронды кітапханасы – ұлттық кітапхана қорына кіретін кітаптардың толық мәтіндеріне, ғылыми еңбектерге, мерзімді басылымдарға және басқа да материалдарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе. ҚазҰЭК Қазақстанның мәдени және ғылыми мұрасын сақтау, оқуды, білім алуды және зерттеулерді цифрлық ресурстар арқылы ілгерілету мақсатында құрылған. Қолжетімділік кез келген құрылғыдан онлайн жүзеге асырылады.
БҚАЖ
Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесі (БҚАЖ) – эталондық бақылау нормативтік құқықтық актілер банкіне және «Әділет» жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұлттық ақпараттық-құқықтық платформа. Жүйе заңнаманы жылдам іздеу, қарау және талдау мүмкіндіктерін ұсынады, сондай-ақ тіркелген пайдаланушылар үшін нормативтік құқықтық актілерге түсініктеме беру және бағалау функцияларын қамтиды.
«Әділет»
«Әділет» – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми ақпараттық-құқықтық жүйесі, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жүйе заңнамалық құжаттарды іздеуге, танысуға және талдауға арналған, сондай-ақ пайдаланушыларды сенімді құқықтық ақпаратпен ыңғайлы электрондық форматта қамтамасыз етеді.