Жұмыс ережелері

uslugi-pravila

Ғылыми кітапханада 7 қызмет көрсету пункті бар: Тау-кен металлургия корпусының 1 және 2-қабаттарында орналасқан 4 абонемент және 3 оқу залы. Кітапхана оқытудың барлық түрлері бойынша білім алатын студенттерге, магистранттар мен докторанттарға және университет қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.

 

Кітапханаға жазылу

Кітапханаға тіркелу Тау-кен ғимаратының 174-кабинетіңде жүргізіледі.
Кітапхананың оқу залдарын барлық санаттағы оқырмандар пайдалана алады.

Оқырмандарды тіркеу жеке куәлікті (ЖСН көрсетілген) көрсету арқылы жүзеге асырылады. Университет қонақтары мен штаттан тыс қызметкерлер кітапхана қорын тек оқу залдарында пайдалана алады. Тіркелу үшін жеке куәлік қажет.

Тіркелу кезінде оқырман туралы мәліметтер кітапхананың «МегаПро» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесіне енгізіледі, электрондық формуляр рәсімделеді. Бұл құжат кітапханалық қызмет алуға және алынған әдебиет үшін жауапкершілікті анықтайды. Әдебиет жоғалған жағдайда, пайдаланушы оны қалпына келтіргенге дейін қызмет көрсетілмейді.

Оқырмандарды қайта тіркеу жыл сайын оқу жылының басында, 20 тамыздан бастап жүргізіледі. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға бұзушылық жойылғанға дейін кітапхана ресурстарын пайдалану мүмкіндігі берілмейді.

 

Кітаптарды үйге беру

Кітапхана оқырмандарға кітаптарды, газеттер мен журналдарды уақытша пайдалануға береді, сондай-ақ электрондық деректер базаларына қолжетімділік ұсынады. Кітапханалық қызметтердің барлық түрі тегін көрсетіледі.

Әдебиеттерді үйге беру абонемент арқылы жүзеге асырылады.

Оқу әдебиеті - 1 семестрге

Ғылыми әдебиет және көркем әдебиет -- 15 күнге.

Кітаптың соңғы немесе жалғыз данасы тек оқу залында пайдалануға беріледі.
Кітап алу үшін жеке куәлік көрсету қажет.

Егер кітапқа басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, қайтару мерзімін ұзартуға болады. Қарызы бар пайдаланушыларға кітапхана қызмет көрсетпейді.

Кітапхана құжаттары немесе техникалық құралдар жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оқырман оларды тең құнды басылыммен ауыстыруы тиіс.

Оқу жылының соңында, оқу аяқталған кезде немесе жұмыстан шыққан жағдайда барлық пайдаланушылар кітаптарды кітапханаға қайтаруы қажет.

Айналып шығу парағына қызмет көрсету бөлімінің басшысы қол қояды (ГМК, 174-каб.).

 

Оқу залдары

Оқу залдары (268 және 273 ауд.) кітаптардың және мерзімді басылымдардың жалғыз даналарын пайдалануға мүмкіндік береді. Оқу залынан кітаптар мен журналдар үйге берілмейді. Авторлық құқық нормаларына сәйкес көлемде ксерокөшірме немесе сканерлеу жасауға болады.

Тыйым салынады

  • кітапханаға сыртқы киіммен, сөмкемен немесе тағаммен кіруге;
  • тыныштық пен тәртіпті бұзуға, оқу залдарында ұялы телефон пайдалануға;
  • кітаптарды бүлдіруге (белгі қою, беттерін жырту және т.б.);
  • қызметтік бөлмелер мен кітап сақтау орындарына кіруге.

Кітапхана ережелерін бұзған жағдайда пайдаланушы 1–6 айға дейін кітапхана қызметін пайдалану құқығынан айырылады.

Ережелерді бұзу туралы ақпарат университеттің деканаттарына немесе тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына хабарланады.

 

Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету

Кітапхананың толықтыру бөлімі кітапхана қорын қалыптастыруға, жаңартуға және дамытуға жауап береді. Ол студенттерді, оқытушыларды және зерттеушілерді заманауи ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етеді.

Әр кафедра оқу бағдарламалары мен ғылыми бағыттарға сәйкес қажетті кітаптар, оқулықтар, монографиялар және басқа басылымдарды сатып алуға өтінім бере алады. Оқу процесіне қажетті әдебиеттерді таңдау кезінде баспалар мен жеткізушілердің прайс-парақтарын пайдалануға болады. Өтінімдер жазбаша түрде қабылданады.

Кітаппен толықтыру бөлімінің байланыстары:
ГМК, 177-каб.
Телефон: тел. 71-30, моб. 87470526097 - Жанат Даулетова
E-mail: zh.dauletova@satbayev.university

 

Деректер базалары

Кітапхана лицензиялық және сатып алынған деректер базаларына, электрондық-кітапханалық жүйелерге және Электрондық кітапханаға қолжетімділік ұсынады.

Кітапхана ресурстарына қолжетімділік университеттің барлық компьютерлерінен IP-мекенжайлар арқылы ашық. Үй компьютерлері мен гаджеттерден электрондық ресурстарға қол жеткізу үшін университет компьютерлері арқылы авторизация қажет.

Қолжетімділік бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-ресурстық орталығына хабарласыңыз (ГМК, 181-каб., тел. 73-31).

 

Кітапханааралық абонемент (КАА)

Егер кітапханада қажетті кітаптар немесе мақалалар болмаса, кітапхана Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға (РҒТК), «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасына және басқа серіктес кітапханаларға сұраныс жібере алады.

Осы сұрақтар бойынша телефон: 257-71-30, ішкі 72-24 (ГМК, 174-каб.).

Жоғары

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту