Кітапхана қоры

founds

Satbayev University Ғылыми кітапхана қоры бірінші жұмыс күнінен 1934 жылдан бері университеттің оқыту бейініне және ғылыми зерттеу қызметіне сәйкес құрылған. 2015 жылы кітапхана қоры 2 млн. астам  данаға жетті.

Қор құрамына: кітаптар, мерзімді және жалғастырушы басылымдар, анықтама, ғылыми, оқу және көркем әдебиеттер, Satbayev University-де қорғалған  диссертациялар және авторефераттар,электронды деректер қоры және басқада басылымдар  кіреді.

Жаңа түскен басылымдар

Кітапхана қорына жыл сайын түсетін  әртүрлі жаңа құжаттар  саны шамамен 60 мың дана. Жаңа түскен басылымдар арасынан білімнің барлық салалары бойынша кітап табуға болады. Жалпы курстар бойынша көп даналы оқу әдебиеті университеттің қаражаты есебінен алынады.

Сіз бұл жерде Ғылыми кітапхана қорына келіп түскен  жаңа әдебиеттермен таныса аласыз.

 

Мерзімді басылымға жазылу

Мерзімді басылымдарға жазылу – ғылым мен білім алу үшін, өзекті ақпараттармен әрқашан хабардар болудың ең сенімді тәсілі. Satbayev University Ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдарға  жазылу қоржыны ғылым мен техниканың  соңғы жетістіктеріне қол жеткізуге мыңнан астам ғылыми журналдар мен баспа атауларының электронды нұсқаларын ұсынады. Мұнда Сіз университет алатын мерзімді басылымдар туралы ақпаратты  аласыз. Жаңартылу жылына 1-рет.

Жоғары

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту