Электрондық журналдар
Электрондық кітапхана қорында талай жылғы даму биологиясы мен техника жөніндегі электрондық ғылыми журналдар басылымдары сақталған. Олардың қатарында мына журналдар бар:
Chemical Engineering
Химиялық инженерия саласындағы басты аспектілерге арналған ғылыми тәжірибелер нәтижелерін жариялайтын халықаралық зерттеу журналы. Журнал химиялық машина жасау тақырыбына арналған іргелі зерттеулер нәтижелерін жариялайды. Әсіресе жаңадан ашылған теориялар мен олардың практика жүзінде қолданылуы туралы зерттеулер, тәжірибе жұмыстарының мінсіз орындалғаны жөнінде есеп беретін жарияланымдар журнал тарапынан қолдау табады. Мұнда келешекте маңызы зор зерттеулер нәтижесіне басты назар аударылады.
Chemical & Engineering News
Бұл 1923 жылдан бастап шығып келе жатқан апталық журнал, ал 1998 жылдан бастап өз материалдарын Интернетте де жариялап келеді. Журналды Америкалық химия қоғамы шығарады. Онда химия және химиялық инженерия саласы бойынша барлық кәсіби және техникалық ақпараттар, соңғы жаңалықтар мен зерттеулер жарық көреді, сондай-ақ өндіріс пен бизнес жаңалықтары, бос орындар туралы хабарландырулар мен арнайы есеп беру мақалалары басылады. Журналды Америкалық химия қоғамының барлық мүшелері жаздырып алады, ол Chemical Abstracts Service, Science Citation Index және Scopus болып индекстеледі.
Hydrocarbon Engineering
Журналда әлемдік мұнай өндіру, газ өндіру және мұнай химиясы өнеркәсібі тақырыбына арналған мақалалар мен зерттеулер, сондай-ақ аймақтық есеп беру, тематикалық зерттеулер мен толық техникалық анықтамалар жөніндегі мақалалар жарық көреді. Журналда әр үш айда бір шығып тұратын қосымша бар – Plus Tanks & Terminals. Мұнда мұнай мен мұнай өнімдерін және газды сақтау жөніндегі мақалалар беріледі.
Oilfield Technology
Дүниежүзілік мұнай-газ секторына арналған техникалық және аналитикалық ақпараттардың негізгі дереккөзі.
Power
Атом энергетикасы жөніндегі мақалаларды жариялайтын ежелгі және беделді халықаралық ғылыми журналдардың бірі. Қазіргі таңда журналда тек ғылыми мақалалар мен жаңалықтар ғана емес, сондай-ақ конференция материалдары, веб-семинарлар мен электрондық бюллетеньдер, бейнебаяндар да жарық көреді. Журнал 1882 жылдан бастап шығады және қатарынан бірнеше платформада электр энергетикасын өндіру жөніндегі жобалар мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер туралы, сондай-ақ басылымдық және сандық БАҚ-тар туралы соңғы жаңалықтар мен айрықша талдаулар жарияланады.
Міне, осы журналдарды түпнұсқа тілінде оқығыңыз келсе, электрондық кітапханаға келіңіз!