Кітапхана туралы

Сәтбаев Университетінің Ғылыми кітапханасы - Қазақстан Республикасындағы ең ірі жоғары оқу орны кітапханаларының бірі. Оның қорында 1,5 миллионға жуық кітап сақталған. Олардың қатарында ғылыми-техникалық әдебиеттердің классикалық, іргелі басылымдары және XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы сирек кітаптар бар.
Кітапхана университетпен қатар құрылған. Ол 1934 жылғы 22 қыркүйекте Семей геологиялық барлау техникумының кітапханасы негізінде ашылды. Алғашқы кітап қоры 1000 дана болған. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі - А.И. Заозерский.
Бүгінде кітапхана заманауи ақпараттық технологияларды енгізе отырып, өз дәстүрлерін жалғастырып келеді.
Кітапханада «МегаПро» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі (АИБС) қолданылады. Кітапхананың электрондық каталогы кітапханалық үдерістерді толық автоматтандыруды қамтамасыз етеді және тәулік бойы келесі мекенжай бойынша қолжетімді:
https://e-lib.satbayev.university/MegaPro/Web/
Кітапхана пайдаланушылары Жеке кабинет арқылы кітапхана ресурстарына қашықтан қол жеткізе алады. Жаңа сервистер әдебиеттерді іздеу, тапсырыс беру және брондау үдерістерін автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кітапхана қорында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің кең ауқымы бар. Қор үнемі жаңартылып, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының мақсаттарына сәйкес толықтырылып отырады.
Кітапхананың жалпы қоры 1,5 миллионнан астам дананы құрайды.
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдарының еңбектерінің Электрондық кітапханасы оқу және оқу-әдістемелік басылымдарды, университет оқытушыларының монографияларын, сондай-ақ ғылыми конференциялар материалдары мен жинақтарын қамтиды.
Кітапхана 6 қызмет көрсету пунктінен тұрады: 4 абонемент және 2 компьютерлік зал. Кітапхана 14 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді.
