
Сәтбаев университеті Ғылыми кітапханасының – Сәтбаев Университеті ақпараттық орталығының сайтына қош келдіңіздер!
Университеттің Ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы жетекші университеттер кітапханаларының бірі. Қазіргі кезде кітапхана қорында шамамен 2 миллион дана ғылыми-техникалық әдебиеттер бар, оның ішінде белгілі зерттеушілердің геология мен тау-кен ісі жөніндегі сирек басылымдары мен шығармалары және әлемге әйгілі баспалардың жаңа басылымдары бар.
Электрондық кітапханада 18 мыңнан астам құжаттар қамтылған.
Қолданушылар шетелдік EBSCO, Elsevier, Springer, Wiley мәліметтер базасына жазылуға мүмкіндік алады және Ұлттық лицензия бойынша ғылыми өлшемді мәліметтер базасына (WoS, Scopus) қол жеткізе алады.
Сәтбаев университетінің Ғылыми кітапханасы – университеттің оқытушылары мен студенттері үшін ғылыми және оқулық ақпарат көзі болып табылады.




















